Қазақстан мұнай өндіруде рекордты көрсеткішке жетті

0
96
дереккөзден

2018 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 90 млн 360 мың тонна мұнайды құрады. Бұл 2017 жылдан қарағанда 4,8%-ға көп деп мәлімдеді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

“Бұл Қашаған, Теңгіз және Қарашығанақ кен өндіру аумақтарындағы мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты мүмкін болды”, – деді министр энергетика министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысы барысында деп хабарлайды kapital.kz.

Министрдің сөзінше 2019 жылы 89 млн тонна мұнай өндіру көзделуде.

“Үш ірі кен орнының үлесі 53,5 млн тоннаны құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда бұл 1%-ға аз немесе 483 мың тонна. Болжамдық көрсеткіштердің төмен болуы Қарашығанақ, Теңгіз және Қашағандағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты”, – деді Қ. Бозымбаев.

2019 жылы Орталық Азия елдеріне қазақстандық мұнай өнімдері экспортын жасау көзделуде.

Сондай-ақ энергетика министрлігі жанармай өнімдерін ел аумағынан уақытша шығармау туралы шараларды жасақтауда. “Басты мәселе Еуроодақ елдерінде және өзге де жақын көрші елдерде жанармай бағасы әлдеқайда жоғары”, – деген Бозымбаев отынға бағаны аспандатпау үшін әрі жанармай тапшылығыy болдырмау үшін тиісті заң жобасына сәйкес жанармай өнімдерін ел аумағынан шығармау туралы министрлік шаралар қабылдағындығын алға тартты. Бұл Еуроодақтың талаптарына қайшы келмейтіні де аталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз