Жапония Олжас Сүлейменовті марапаттайды

0
93
ашық дереккөзден

Жапония Үкіметі әйгілі қазақстандық қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовті орденмен марапаттайды. Бұл туралы Жапонияның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

«Жапония Үкіметі 2017 жылы күзде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялады. Марапатқа ие болғандар тізімінде Қазақстан Республикасының азаматы, Невада Семей Халықаралық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов бар», – деп хабарлайды жапон елшілігі.

Елшіліктің хабарлауынша, орден «Күншығыс ордені, Алтын шуақ» деп аталады. Аталған орденмен Жапония Императорының атынан Жапониямен достық қарым-қатынасқа үлес қосқан шетелдіктер марапатталады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз