7 ақпан Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы, “Нұр Отан” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Нұр Отан” партиясының XVIII съезі өтеді.
Съез қарсаңында 26 ақпанда панельдік сессиялар өтуде. “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес панельдік сессиялар барысында білім сапасын көтеру, азаматтардың әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру, мемлекет басшысының жолдауында, бес әлеуметтік бастамалары негізінде жастарға қолдау білдіру мәселелері талқыланады.
“Нұр Отан” партиясы 1999 жылы президент Назарбаевтың бастамасымен “Отан” партиясы атауымен құрылды. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде «Отан» республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Бұған дейін “Нұр Отан” партиясының 17 съезі өтті. “Нұр Отан” партиясының төрағасының бірінші орынбасары болып алғаш рет 1999 жылы Терещенко Сергей сайланды.
“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасарлары болғандар:
-
Ермегияев, Амангелді Динұлы (қазан 2002ж. – наурыз 2004ж.)
-
Жұмағулов, Бақытжан Тұрсынұлы (2005 – 2008ж.ж.)
-
Калетаев, Дархан Аманұлы (2008-2009 ж.ж.)
-
Нығматулин, Нұрлан Зайруллаұлы (19 қараша 2009ж. — 24 қыркүйек 2012ж.)
-
Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы (қыркүйек 2012ж. — қаңтар 2013ж.)
-
Байбек, Бауыржан Қыдырғалиұлы (қаңтар 2013ж. — 9 тамыз 2015ж.)
-
Мырзахметов, Асқар Исабекұлы (8 тамыз 2015ж. — 6 мамыр 2016ж.)
-
Құл-Мұхаммед, Мұхтар Абрарұлы (6 мамыр 2016ж. — 1 ақпан 2018ж.)
-
Әшімбаев, Мәулен Сағатханұлы (1 ақпан 2018ж.)
“Нұр Отан” партиясының идеологиясы:
2013 жылы қабылданған доктринасында «Нұр Отан» партиясы – “қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш” -деп айтылған. Доктринаға сәйкес партияның идеологиясындағы басты құндылықтар:
-
Басты құндылық – адам
-
Бостандық
-
Заңның үстемдігі
-
Әділеттілік
-
Ынтымақшылдық
-
Болашаққа ұмтылыс
-
Отбасы және Дәстүр
“Нұр Отан” партиясы ТМД елдерінің (Әзірбайжан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан) партияларымен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа елдері партияларымен ынтымақтастық орнатқан.
Safina Said