Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болды

0
63
Сурет: tengrinews.kz

27 ақпанда таңертең Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, екі адам мерт болды. Төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды.

Оқиға қаланың 9-шы ықшам ауданындағы 62-ші үйде болған. Алдын – ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын пайдаланудан болған. 

Куәгерлердің бейнежазбасынан үйдің бір бөлігінің қирағанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілер келген.

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, үйдің барлық тұрғыны толық көшірілген. Үйінділер астынан сегіз адам шығарылды, оның екеуі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.

Жарылыс болған үйдің тұрғындары осы үйдің жанындағы №41 мектепке орналастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз