5 наурыз күні алғаш рет “Вьетнам-Қытай-Қазақстан-Еуропа” трансконтиненталдық темір жол бағыты іске қосылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі “Қазақстан Темір Жолы” компаниясымен бірлесе Вьетнам-Қытай-Қазақстан-Еуропа бағыты бойынша алғашқы темір жол транзиттік-көліктік дәлізінің жұмысын іске қосқан көліктік-логистикалық жобаны жүзеге асырды.
Жалпы, Қазақстан мен Вьетнамды екі көліктік бағыт байланыстырады: Вьетнамға қазақстандық бидай тасымалы өтетін Ляньюньган (КХР) кемежайындағы қазақстандық логистикалық терминал, сондай-ақ, вьетнамдық Донгданг темір жол терминалы арқылы өтетін бағыт.
Қазіргі уақытта Вьетнам Еуропалық Кеңеспен, Вьетнам-ҚХР-Қазақстан-Еуропа бағыты бойынша транзиттік-көліктік дәлізді әртараптандыруға, Вьетнам мен АСЕАН елдерінен Еуропаға жүк тасымалын қысқартуға мүмкіндік беретін , жалпы, теңіз тасымалының баламасы болатын ұқсас келісім жасау бойынша жұмыстарды аяқтауда.
2017 жылдың ақпанында Ханойда “ҚТЖ” мен “Вьетнам темір жолдары” арасында Ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын.