Оқи отырыңыз: Эфиопияда ұшақ құлап 157 адам түгел қаза тапты
Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада қаласынан Кения астанасы Найробиге ұшқан “Боинг-737” ұшағы 10 наурызда апатқа ұшырап, бортта болған 157 адам қаза тапты.