ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Әскер-Медиа 2017» бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы республикалық фестивалінің қорытындысы шықты. Байқауды ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқауға қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан әскер және әскери-патриоттық тақырыптарға арналған үш жүзге жуық журналистік жұмыстар ұсынылды. Финалға 50 қатысушы шыққан, олардың баслымдары мен репортаждары кәсіби деңгейдің жоғарылығымен, тақырыптың өзектілігі және мазмұн мәнерлілігімен ерекшеленді.
Байқаудың қорытындысы төмендегідей:
- «Үздік телевизиялық бағдарлама» – «Атырау» телеарнасының редактор-тележүргізушісі Айнагүл Қалабаева.
- «Үздік радио бағдарлама» – «Қазақ радиосы» тілшісі Мадина Ишанова.
- «Баспа құралдарындағы ең үздік материал» – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Азамат Қасым.
- «Ақпарат агенттігіндегі үздік жұмыс» – kz тілшісі Григорий Беденко.
- «Үздік фотожұмыс» – «Казахстанская правда» газетінің фотокорреспонденті Юрий Беккер.
- «Әлеуметтік желідегі және блог алаңдағы ең үздік жұмыс» – блогер Александр Мироглов.
- «Үздік әскери шолушы»- «Караван» газетінің шолушысы Владимир Северный.
- «Үздік жас журналист» – ШҚО Үржар ауданы Қарабұлақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рысгүл Даутанова.
- «Аймақтық БАҚ-тағы үздік материал» – «Атырау» телеарнасының редактор-тележүргізушісі Нұргүл Рамазанова.
Атап өтерлігі, “Әскер медиа-2017” алғашқы республикалық байқауы 2017 жылдың шілдесінде басталды. Фестивальдің басты мақсаты – Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, Қарулы Күштердің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы және объективті жариялау, оң қоғамдық пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру.
Сабина Сайлаубай