Барселонада Каталония тәуелсіздігін қолдайтындар жаппай бас көтерді

0
60
ашық дереккөзден, Reuters

Каталонияның тәуелсіздігін қолдайтын жүздеген мың жақтастары Барселонадағы орталық көшелердің біріне шығып, Каталонияның бұрынғы министрлерін босатуды талап етті.

Демонстранттар Каталония парламентінің ғимаратының жанындағы алаңда жиналып, «Бостандық!» деп дауыстады, деп хабарлайды Reuters.  Маршқа Каталонияның тұтқындалған экс-министрлерінің отбасы мүшелері де қатысқан.

«Мұнда келген барлық адамдарға қараңдар. Тәуелсіздік үшін қозғалыс бұрынғыдай дамып келеді», – деді Пеп Моралес.

«Сіздердің қолдауларыңыз осы қатал жазаның құрбандарының отбасылары мен достарына көмектеседі деп сенемін», – деп мәлімдеді демонстранттарға Парламент мүшесі Марсель Макри.

Барселона полициялары демонстрацияға шамамен 750 000 адам қатысқанын растады, олардың көбі Каталониядан келген.

ашық дереккөзден, Reuters

Атап өтерлігі, 2 қарашада бұрынғы Каталония Үкіметінің 8 мүшесі тұтқындалды. Сот Бельгияға кеткен бұрынғы Каталония басшысы Пучдемонды халықаралық қамауға алу үшін шешім шығарды. Пучдемон Бельгияда қалып, әділ сот шешімін күтетінін мәлімдеді. Испанияда Каталонияның бұрынғы басшысына 30 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

5 қарашада Каталония басшысы Пучдемон мен 4 бұрынғы министр Бельгия полициясына өз еріктерімен берілген. Бір тәуліктен кейін олар Бельгия аумағын тергеушінің рұқсатынсыз қалдырып кетпейтіндерін және елдегі мекен-жайларын ауыстырмайтындарына кепіл беру арқылы босатылды.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз