Апта қорытындысы: Ел жаңалықтарына шолу

0
77
дереккөзден

Қарашаның алдағы өткен жеті күні шартарапта да, елімізде де іргелі оқиғалармен толысып, шыр айналған жұмыр жерде ғаламзаттың назарынан тысқары дүние қалмады. Уақыттың белдеуіне бағынып кете барған өткен апта қорытындысы тарихи маңыз бар оқиғалармен де айшықты есте қалды.

Челябинсктегі сәтті форум

Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 9 қарашада Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына барды.  Адам капиталын дамыту мақсатында өткізілген форум барысында мемлекет басшысы тарапынан бірқатар маңызды ойлар айтылды. Туризм, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек нарығы, әлеуметтік қорғау тақырыптары аясында ой қозғалған форум нәтижелі аяқталды. Бірқатар құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесі;

– 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттама;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісім;

– 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

– 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасы;

– «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мен «Транснефть» жария акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

– Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Русская медная компания» акционерлік қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

– «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы мен «Российский экспортный центр» акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Конференция барысында мемлекет басшысы Астанада цифрландыру бойынша ЕурАзЭқ форумын өткізу туралы ұсыныс жасады.

Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей басшысымен кездесті

Бұдан өзге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Өңіраралық ынытмақтастықты дамыту мәселелерінде сөз қозғаған қос көшбасшы ынтымақтастықты дамытудың қарқынды перспективаларын талқылады.

Ашық дереккөзден

Адам капиталын қаузаған көрме

Сонымен қатар мемлекет басшысы ресей Президенті Владимир Путинмен бірге адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмені де аралады. Атап өтерлігі көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.

Ақорда

“Сырбарға” марапат

Ұлттық қауіпсіздікте елеулі орын алатын Сыртқы барлау қызметкерлері аталған жұмада жағымды жаңалықпен қауышты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы барлау қызметкерлері үшін медаль шығару туралы қаулы етті. Бекітілген ережелерге сәйкес мерейтойлық медальмен кем дегенде 20 жыл  еңбек өтілі бар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сыртқы барлау қызметінің зейнеткерлері мен ҚР сыртқы барлау қызметі саласында елеулі қызмет атқарған «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері марапатталады.

“Әділет”

Елбасының Қостанайға сапары

8 қарашада Елбасы Қостанай қаласына мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында Өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын соның ішінде «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысын, автомобиль өндірісімен айналысатын отандық «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорын жұмысымен танысып, «Kostanay Plaza» сауда және ойын-сауық орталығында, Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясына, табиғи сүттен сапасы жоғары өнімдер шығаруға маманданған «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, «Теннис орталығы» спорт кешенінде болды. Атап өтерлігі, бұған дейін мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңірлеріне соның ішінде Алматы, Қызылорда қалаларына мемлекеттік сапармен барып, өңірдің әлеуметтік, инфрақұрылымдық т.б даму сипаттарымен танысқан болатын.

Ақорда

Шекара туралы шарт

10 қарашада «Орталық Азия: бір өткен және бір болашақ, тұрақты даму және өзара өркендеу үшін ынтымақтастық» халықаралық конференциясы аясында Самарқанда Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының  түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қойды. «Шын мәнінде бұл мемлекеттің жауапты құрылысы мен қауіпсіздігі мәселесі», -деп мәлімдеген ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов аталған шарттың тарихи оқиға екенін тілге тиек етті. Шындығында аталған шарт үш мемлекет арасындағы мемлекеттің өзара құрмет, егемендік теңдігі мен аумақтық тұтастығын нығайту үшін берік негіз қалайды.

ҚР СІМ

Өзгеше ұсыныс

Бұдан өзге Самарқанда өтіп жатқан халқаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзгеше ұсыныспен мәлімдеме жасады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың басында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі саяси жолдауында Орталық Азия мен Ауғанстанда бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастық үшін үлгі аймағын құруды ұсынғанын алға тартты. «Онда сенім мен ынтымақтастық рухы көрші елдер мен аймақтарға таралатын болады», – деп мәлімдеді Әбдірахманов.

ҚР СІМ

Бірқатар кездесулер

Сонымен қатар Самарқандағы халықаралық конференция аясында Қ. Әбдірахманов Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрінің орынбасары Рашид Мередовпен, Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Салахуддин Раббанимен, АҚШ Президентінің көмекшісі және Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша аға директоры Лиза Кертиспен, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен, Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясының басшысы Тадамичи Ямамотомен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, маңызды тақырыптар аясында ой бөлісті.

ҚР СІМ

Елбасыға қатысты мәдени шаралар

6 қарашада Қытайдың «Дяоюйтай» мемлекеттік резиденциясында «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанды құру» кітабының қытай тіліндегі таныстырылымы өтсе, 11 қарашада Алматыда ҚР Тұңғыш президенті кітапханасының көрмесі ашылды. Көрмені тамашалаушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорынан : мұрағаттық құжаттар, суреттер мен халықаралық наградалары таныстырылды.

ЭКСПО-дағы жаңашылдық

10 қараша Астанада Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің туристерге арналған аймағының салтанатты ашылуы өтті.  Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған қала әкімі Ә. Исекешев ЭКСПО-ны өткізу Қазақстанның «жасыл» технологияларды дамытуға деген ұмтылысын тағы бір рет көрсетті және ел Еуразия аймағында қауіпсіз және тез дамып келе жатқан мемлекет ретінде өзінің имиджін нығайтты деп атап өтті. Ал 11 қарашада ҚР премьер-министрі Б. Сағынтаев «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізу аумағындағы сферада орналасқан «Нұр Әлем» Болашақ музейі» туристік аймағын аралап көріп, «Экспо-2017» нысандарының көрмеден кейін пайдаланылуымен танысты.

ашық дереккөзден

Атап өтерлігі, «Нұр әлем» павилоны  Ағымдағы жылдың 11 қарашасынан бастап елбасы тапсырмасымен мұражай ретінде қайта жұмысын бастайтын болады. Бүгінге дейін «Нұр әлем» павилоны болашақта мұражайға айналатыны және ЭКСПО-2017 аумағындағы ғимараттардың бір бөлігі «Астана» xалықаралық қаржы орталығына берілетіні жайында шешім қабылданған болатын.

Билікте ауыс-түйіс

Өткен аптада билікте ауыс-түйіс те орын алды. ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы тағайындалды.

Еліміздің ірі  шаһарларының бірі Шымкентке Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұйрығымен 2017 жылдың ақпанынан бастап «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі Штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы болған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев әкім болып тағайындалды.

Бішімбаев соты

Ағымдағы жылдың аты шулы соты бұрынғы экс-министр Қуандық Бішімбаевқа қатысты сот процесі елордада басталды. Сот процесі Астана қалалық сотында ашық отырыста жүргізілді. Атап өтерлігі, 10 қаңтар 2017 жылы Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың тұтқындалғаны туралы хабарлады. Ол бірнеше мәрте алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан көп мөлшерде пара алу айыбы бойынша күдікке ілінді.  Кейіннен Бішімбаевқа 1 млрд теңге жымқырды деген айып тағылғаны мәлімделді.

ашық дереккөзден

Зейнетақы жайы

Зейнетақы мөлшері 2018 жылы базалық зейнетақы тағайындау әдісін өзгерткеннен кейін, төлемдердің орташа мөлшері 71 мың теңгеге, ең азы – 33 мың теңгеге дейін өсетіні мәлім болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде 6 қараша күні ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, барынша жоғары зейнетақы алу үшін ең жоғарғы жұмыс тәжірибесі қажет. Сонымен қатар, зейнетақының мөлшері еңбекке ақы төлеудің қажетті ұзақтығымен 60% құрайды – ерлер үшін бұл 25 жыл, ал әйелдер үшін – 20 жыл.

ашық дереккөзден

Жемқорлық ел рейтингіне әсер етті

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Сыбайлас жемқорлық дау-дамайлары елдің бәсекеге қабілеттілік рейтингін төмендеткенін мәлімдеді.

6 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Б. Сұлтанов мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша кемшіліктерді ашық баяндап, биылғы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекелестікке қабілеттілігінің жаһандық көрсеткіші бағыттарында: бюджет қаражатын негізсіз жұмсау, мемлекеттік шығындардың қалдықтары, аудиторлық стандарттар мен есептілікті жетілдіру өкінішке орай төмендегенін мәлімдеді.

ашық дереккөзден

Өткен аптаның еліміздегі іргелі оқиғалар тізбегі осындай. Келер аптаның керек ақпараты kazaknew.kz тізбегінде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз