24 наурызда жол-көлік апаты салдарынан адам қазасы болды деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Opel маркалы автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Қобда жолы арқылы Едіге даңғылына бағыт алып, бақылаусыз жаяу жүргіншілер жолағы тұсында жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі тоғызыншы сынып оқушысын қағып кеткен.
Жол-көлік апаты салдарынан кәмелетке толмағандардың біреуі оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі жарақат алып, емханаға жеткізілген.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. 20 жастағы автокөлік жүргізушісі медициналық сараптама қорытындысы бойынша “ішімдік ішпеген”. Жүргізуші Ақтөбе полиция департаменті уақытша қамау изоляторына жіберілді. ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша “ҚР жол-көлік ережесін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 30 жол-көлік апаты болған, балалардың басым бөлігі дене жарақаттарын алған.