Тікұшақ апатқа ұшыраған аумақтан 10 адамның мәйіті табылды

0
121

Қызылорда облысында әскери ұшақ апатқа ұшыраған аумақтан қаза тапқан 10 адамның мәйіті табылды.

Сот-медициналық сарапшылары алдағы бірнеше күнде мәйіттерді тану жұмыстарының жүретінін айтты деп хабарлайды КТК.

“Мүмкіндігінше сараптама жүргізіп жатырмыз. Қазір аяқтап та қалдық. Сараптама жүргізудеміз. Мүмкіндігінше мәйіттерді тану жұмысын қолға аламыз”, – деді Қызылорда облысы сот-медициналық сараптамасы институты директорының орынбасары Рақымжан Әліп.

Апат болған аумақта іздеу-құтқару операциялары жүруде. Қараңғы батса да жұмыстар тоқтамай, жалғасын табуда. Өзге қаза тапқандардың мәйіті іздестіріліп, тікұшақтың қалдықтары жинастырылуда.

Аймаққа қорғаныс министрі Ермекбаев келді. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандардың есептерін тыңдады. Ермекбаев апаттың нақты себебін айқындау, жұмыс жүргізу барысына қатысты бірқатар тапсырмалар міндеттеді. Сондай-ақ министр апаттың себебі анықталғанға дейін Ми-8 тікұшағының әуеге көтерілмеуін тапсырды.

Аймаққа қаза тапқан әскерилердің туыс-туғандары да келуде. Еске салсақ 27 наурызда Қызылорда облысында қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ белгісіз жағдайда құлап, толығымен жанып кеткен. Бортта болған 13 әскери қызметкер қаза тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз