ҚР СІМ Ирандағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдемесі

0
39
ашық дереккөзден

Иран-Ирак шекарасындағы жер сілкінісінде Қазақстанның зардап шеккен азаматтары туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Қазіргі таңда жер сілкінісінен зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ. Қазақ дипломаттары бұл жағдайды бақылап отырады», – деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, жексенбі күні Иран және Ирак шекарасында 7,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды. Соңғы есептерге сәйкес, 200-ге жуық адам Ирандағы апаттың құрбаны болды, оның ішінде алты адам көрші Ирақта қаза тапқан.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, көмекке мұқтаж қазақстандықтар Тегерандағы консулдық мекемеге өтініш бере алады.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз