Оралу
Оқиға Абу-Дабиде әлемдегі ең қымбат картина жоғалып кетті
Абу-Дабидегі Луврдан Леонардо да Винчидің “Әлемді құтқарушы” атты әлемдегі ең қымбат саналатын картинасы жоғалып кетті. Бұл туралы The New York Times хабарлайды.
Париждік Лувр қызметкерлері де картинаның қайда ізім-ғайым жоғалғанынан хабарсыз, олар абу-дабилік әріптестері және француз билігімен байланыста отыр.
Картина өткен жылдың қыркүйегінде Абу-Дабидегі Луврда көрмеге қойылуы керек еді, алайда сол сәтте БАӘ астанасының билік өкілдері белгісіз себептермен көрмеден бас тартқан.
Абу-Дабиге сурет туындысы 2017 жылы жеткізілген. “Әлемді құтқарушы” туындысы Christie’s аукционында 450 миллион долларға сатылған.