Қазыналы тарихы бар – теңге

0
90
ашық дереккөзден

Бүгін төл валютамыз теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

Теңге тарихына көз салсақ, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілері бекітілді. Келесі күні қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Атап өтерлігі, Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.

Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

Қазақстан тарихы порталы

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз