Журналистер одағының елордалық филиалына төраға тағайындалды

0
173
суретте Шархан Қазығұл

Журналистер одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалына басқарма төрағасы болып Шархан Қазығұл тағайындалды. Бұл туралы “КазТАГ” хабарлайды.

Шархан Қазығұл – Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Балқаш және Іле аудандық газеттерінде редактор болып бастаған. Кейіннен премьер-министрдің баспасөз қызметінде кеңесші болып қызмет істеді. Республикалық “Нұр-Астана” және “Айқара” газеттерінің бас редакторы болды.

Қазақстан президенті баспасөз қызметі секторының орынбасары болды. Соңғы жылдары “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы АҚ қоғаммен байланыс департаментінің сарапшысы қызметін атқарды.

Ш.Қазығұл Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, түрлі халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

 

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз