20 сәуір Алматы-Ташкент тас жолында болған апатта қаза тапқандар арасында Қазақстан,Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол оқиғасында 8 адам
қаза тапты, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың ішінде тағы үшеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасында 11 қаза тапқандардың ішінде 7 – Қазақстан азаматы,3 – Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.
Атап өтерлігі облыста жедел штаб жұмыс істейді, психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262)513575 және +7(7262)514167 құрылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (көлік басқарған адамның екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы тәртібін немесе көлікті пайдалану ережесін бұзуы). Бірқатар сараптамалар тағайындалды.