Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс бітіммен аяқталады, әрі бұл үшін Қазақстан өз тарапынан қолынан келгенін жасауда. Бұл туралы 29 сәуір Нұр-Сұлтанда ҚХА XXVII съезінде ҚР тұңғыш президенті-ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Назарбаев Қазақстан жаһандық кеңістікте бітімгер мемлекет ретінде танымал екенін, республикаға алыс-жақын көрші елдер сенім артатынын алға тартты.
“Бізде бұл кездесулердің бәрі де өтуде. Біздің мемлекет таулы Қарабах, Пәкістан, Үндістан, Иран мен Сирия, Ресей мен Түркия арасындағы шиеленісте шешуде ат салысты, өздеріңіз білесіздер. Біз Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бейбіт түрде шешілгенін қалаймыз. Әр уақытта мен олардың өтініштері бойынша қосыламын. Бәрібір біз айналысуымыз керек, бар соғыс, бар шиеленіс бітіммен аяқталады, бұл да бір күні бітеді. Қырғызстанға да кикілжіңнен шығуға біз қол ұшын создық және тағы басқаларына”, – деді Н.Назарбаев.
Қазақстанның бейбіт сүйгіш мемлекет екенін алға тартқан Елбасы “қазақ жері өркениет диалогының ошағына айналғанын”, 2003 жылдан бері елордада әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының тұрақты съезі өтіп отыратынын атап өтті.
“Әлемде бәрі бір жерге жиналатын жер табылмады”, – деген Елбасы әлемде Иранның жоғары рухани басшысы мен Израиль раввині амандасып, қол алысып, Жаратушы жалғыз, алайда бәріміз түрлі жолдармен жүріп келе жатқанымызды, бар дінде басқа діндерді де сүю керектігі айтылатынын тілге тиек етіп, өзара сұхбат құратын жер жоқтығын атап өтті. “Құранда: бір адамды өлтірсең, бар әлемді, бар адамзатты өлтіргенмен теңсің, дейді. Бар жерде солай. Міне осындай сұхбаттар тек бізде Қазақстанда ғана жүреді”, – деді Н.Назарбаев.