Орта Азия обудсмендері өңірлік ынтымқтастық мәселелерін талқылады

0
60

15-16 қараша аралығында Алматы қаласында «Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қолдауы бойынша Орта Азиялық бастама» атты жобасы аясында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесімен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары, және БҰҰ даму Бағдарламасының өкілдіктерімен бірлесіп Өңірлік кеңестер өткізді.

Кеңестер барысында Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Өзбекстанның омбудсмендері және халықаралық сарапшылар адам құқықтары саласындағы өңірлік ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады, сондай-ақ бірлескен жобалар аясында іске асыру мақсатында құқық қорғау салаларының басымдықты бағыттарының қатарын белгіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі.

Күн тәртібінің негізгі мәселелерінің бірі, қазіргі уақытта жаһандық сипатқа ие болған, әскери қақтығыстарды, адам құқықтарын жаппай бұзуды, босқындар ағынын және осы үдерістерге қатысушы елдерді және бүкіл өңірлерді тартумен айналысатын терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу болды.

«Astana club» сарапшылар клубының үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған құбылыстардың толыққанды бағалауына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, кедейлік, білім беру мен денсаулықтың төмен деңгейі, елдердің даму деңгейі арасындағы күрт кереғарлық халықаралық лаңкестік пен экстремизм үшін құнарлы орта болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров әріптестеріне азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасау және мемлекеттілік негіздерін нығайту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолымен экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданатын шаралары туралы хабардар етті.

Қазақстанның экстремистік және радикалды қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге ұшырауындағы әлі төмен дәрежесін ескере отырып, ҚР Омбудсмені сонымен қатар радикалды көріністердің алдын алу бойынша соның ішінде көші-қон саясатын нығайту жолымен пәрменді шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ кездесу қатысушылары осы бағыттағы өткізілетін жұмысы туралы, атап айтқанда Уәкіл мекемесімен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, ҚР Конституциясының халықаралық стандарттар мен нормаларын қамтамасыз ету саласындағы қандай да бір себеппен, қандай да болмасын кемсітушілікке тыйым салуды белгілейтін бірқатар жобаларды іске асыру туралы хабардар болды.

Сабина Сайлаубай

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз