3 мамырда Ішкі істер министрлігіндегі мұражайда Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңіс күні мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күндеріне орай “Тарихқа тағылым-өткенге тағзым” атты көрме өтті. Көпшілік назарына 5 мұрағат қорының материалдары қойылған: қылмыстық істерге қатысты құжаттар, репрессияға ұшыраған тұлғалардың жеке құжаттары, Ұлы Отан соғысы тұсындағы тұтқынға түскендердің хаттары мен жеке заттары. Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің қалыптасу тарихына қатысты материалдар да баршылық.
Ішкі істер министрлігінің ақпарына сәйкес ҚР ішкі істер органдарының мұрағатында Германиядан репатацияланған бұрынғы әскери тұтқындарға қатысты (Кеңес Одағы азаматтарының) 45 мың 826 сүзгіленген және трофейлді материалдары сақталған. Бұдан өзге Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ораз Жандосов, Ахмет Байтұрсыновтың қылмыстық істері назарға қойылған. ІІМ баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес кеңес әскери тұтқындарының жалпы саны 5,2-5,75 миллион адамды құрайды. Kazaknews.kz көрмеден арнайы фоторепортаж ұсынады.