17 мамыр күні Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының капсуласы салынды. “Елорда Инфоның” хабарлауынша, салтанатты шараға қала əкiмi Бақыт Сұлтанов қатысты.
Бұл күн қаламыздың тарихында қалады деп есептеймiн. Біз Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталықтары қауымдастығының тағы бір нүктесін құру жөніндегі ұзақжылғы келіссөздерді іске асырудың негiзгi кезеңіне көштік. Бұрынғы EXPO және қазіргі белсенді дамып келе жатқан “Астана” халықаралық қаржы орталығыаумағында әлемдік брендтерді, трансұлттық корпорацияларды, инвестицияларды тартудың тағы бір нүктесін құрудамыз. Мен баршаңызды бүгінгі іс-шарамен шын жүректен құттықтағым келеді. Жобамыздың жүзеге асуына тілектеспін және ендiгi жиынды 350 метр биiкте ɵткiзейiк, – деді Бақыт Сұлтанов.
Nest Investments HOLDINGS компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар бұл əлемнiң 90 елiн біріктіретін ең ірі сауда қауымдастықтарының бірі екенін айтты.
Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты – жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтанмен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл – жаңа жұмыс орнын құру, жаңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Біз жобаның болашақтағы дамуын асыға күтеміз, – деді Мехран Эфтехар.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ел астанасында салынатын Дүниежүзілік сауда орталығы (World Trade Center) ғимаратының жобасы таныстырылған еді. Ол 2 гектар жерді алып жатыр, биіктігі – 150 метр. Жобаға 200 миллион доллар қаржы салынады.