Тексеруден кейін 12 прокурор қызметінен босатылды

0
61

Биыл бас прокуратура жүргізген тексерулер қорытындысы бойынша 93 прокурорға әртүрлі шара қолданылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның хабарламасында «Бас прокуратураның Ішкі қауірсіздік депортаменті ағымдағы жылы 191 тексеру шараларын өткізді. Нәтижесінде 93 прокурордың үстінен әртүрлі шара қолданылды. Оның ішінде 12 прокурор теріс іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылды. Алтауы қызметінен шеттетіліп, 15 қызметкердің міндетін толық атқаруға сәйкес келмейтіні жарияланды. Өзге қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 40 қызметкерге ар-намыс кодексін бұзғаны үшін шара қолданылды», делінген.

Қазіргі таңда бұрынғы екі прокурор сотталып, үшеуінің үстінен іс жүргізіліп жатыр. Бесеуіне арнайы прокурорлар тарапынан тергеу жүргізілуде.

Республикада соңғы бес жылда 7 прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз