Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстары тағы 4504 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің сайты хабарлады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 мыңнан асты. Қаладағы 17 секторда жалпы саны 197 құрылыс компаниясы, 250 техника жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1746 құрылысшы тартылған..
Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.