Нұр-Сұлтан тұрғындары құрбан шалуды бастады(фоторепортаж)

0
256
11 тамыз Құрбан айт мерекесінде елордалықтар құрбандық шалуды бастап кетті. 
Құрбан айт мерекесіне орай біздің тілшілер “Алтын таға” мал базарынан арнайы сұхбат алып қайтты.
Құрбандық шалу үшін алдымен таңдаған малыңыздың ақшасын арнайы кассаға төлеп, сол сомаңызға талон аласыз.

  2. Талон арқылы қалаған малыңызды алып, құран оқытып, қасапшыға тапсырасыз.

3. Қасапшы құрбан малын  сойып, жіліктеп берген соң, малдың басы мен аяғын сол жерде ұйытып аласыз.

Тоқтаров Темірлан (Әзірет Сұлтан мешітінің қызметкері)
“Құрбан айт мерекесіне дейін біз осы малдардың еті таратылатын кісілердің тізімін құрып қоямыз. Тізім дайын болғасын айттың үш күнінде барлық еттерді жинап,жағдайы келмеген және көп балалы отбасы бар адамдарға таратып береміз. Осы үш күн ішінде жиналған еттер мешітіміздегі арнайы тоңазытқыштарда тұрады.
Құрбандық малын шалғаннан соң үш бөлікке бөлеміз. Біріншісі міскіндерге(үйі бар,бірақ тамағы жоқ) болса, екінші бөлігін пақыр (үйі де, тамағы да жоқ) жағдайдағы адамдарға беріледі. Ал үшінші бөлігін отбасыңызға алып қалсаңыз болады”.
Мамунов Фархат – құрбан шалушы
“Отбасымызбен құрбандық шалғанымызға биыл үшінші жыл болады. Алдыңғы жылмен салыстырсақ бір қойдың бағасы 10000 теңгеге өскен. Тек мал бағасы емес, қасапшының жұмысы да қымбаттады. Бір басты ұйыту былтыр 500 теңге болса, биыл 1000 теңгеге дейін қымбаттаған. Мал қымбаттағанымен, малдар былтырғыдан айырмашылығы жоқ”.

Бейбарыс Жұмабай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз