15 қыркүйекте Алматы облысы, Шамалғандағы өтпеде №43 “Алматы-Қостанай” пойызы мен №456 “Алматы-Қаскелен” автобусының соқтығысуына байланысты Қазақстан Темір Жолы (ҚТЖ) пойыз жолаушыларының дін-аман екендігін жазып ақпарат жариялады.
№757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып, орын алған «тығын» салдарынан өткелде тұрып қалуға жол берген. №43 жолаушылар пойызының жақындауы кезінде өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып – өткел бағдаршамы «қызылға» жанып, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған. Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосу бойынша шара қабылдады”, – делінген хабарламада.
ҚТЖ сайтының хабарлауынша, қақтығыстан кейін №43 пойызының электрвозы ауыстырылып, 1 сағат 38 минут кешіктіріліп жөнелтілген, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге салайық, қыркүйектің 15-і күні кешке Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысып, бір адам қаза болды. Ресми орындар ауруханаға түскен үш адамның халі ауыр екенін айтады. Апаттан кейін ондаған жергіліікті тұрғын теміржолды жауып, пойыз өтетіін көпір салуды талап етті.