Сирия мен Иракта Қазақстанның әлі де 100-ге жуық азаматы бар

0
137
"Жусан" операциясы. Photo: video grab

Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы (63 пайызы әйелдер) бар, оның 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр. Бұл ақпаратты Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Азаттық сайтына берді.

ҰКК-нің жауабына қарағанда, Сирия мен Ирактан Қазақстанға 277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған бала қайтарылған. Оның 44-і (34 ер адам, 10 әйел адам) “террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты”, “терроризмді насихаттады және қаржыландырды” деген айыппен 1 жылдан 11 жылға дейін бостандықтарынан айырылған.

Сонымен қатар, тағы да 35 адам (23 ер адам, 12 әйел) тергелген, оның екеуінің жасы кәмелетке толмаған. Сирия мен Ирак аумағындағы жанжал ошақтарынан оралған 198 әйел мен 545 бала Қазақстанның бейімдеу, оңалту орталықтарында болған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан бірнеше рет арнайы “Жусан” операциясы арқылы Сирия мен Ирак аумағынан азаматтарын қайтарып ала бастаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз