Finbet букмекерлік кеңселерінде тінту жүргізілді

0
115
Photo: vlast.kz

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесінің әрекеттеріне шектеу қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

“Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекер кеңсесінің заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Осы ұйымның лауазымды тұлғалары букмекер қызметімен қатар Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойынға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған”, – делінген хабарламада.

18 желтоқсанда ауқымды арнайы операция жүргізіліп, соттың санкциясымен бір мезгілде сегіз өңірде тінту жасалған. Қаржы мониторингі комитетінің деректері бойынша, Finbet букмекер кеңсесі заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған.

“Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс – 3 миллиард теңге. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады”, – деп толықтырды комитет өкілдері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз