“Олимп” букмекерлік кеңсесі ақша қабылдауды тоқтатты

0
129
Photo: inbusiness.kz

“Олимп” букмекерлік кеңсесі ақша қабылдауды (ставка) тоқтатты. Бұл туралы букмекерлік кеңсе ресми сайтында хабарлады.

“2020 жылғы 22 қаңтардан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты ақша қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе едік. Бұдан кейін де осында қалғымыз келген”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары мен прокуратура бірігіп, Қазақстан аумағынан қаржыны заңсыз алып шығудың жолын кескен болатын.

Сондай-ақ, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деген айыппен “Олимп” букмекерлік кеңесесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен “Only bet” ЖШС мен “Alpha bet” ЖШС-нің “Олимп” сауда маркасымен лицензиясын алты ай мерзімге тоқтатты.

Сонымен қатар, “Олимп” букмекерлік кеңсесін тексерген салықшылар мемлекет пайдасына 145 млрд теңге салық төлеуді міндеттеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз