Қазақша онлайн контент қалай дамып жатыр?

0
322
Qazforum 2020 қатысушылары.

7 ақпанда Нұр-Сұлтанда қазақтілді онлайн контент жасаушылардың жиыны “Qazforum 2020” өтті. Қазақстан баспасөз клубының хабарлауынша, форумға Қазақстаның әр аймағнан 200- ден астам БАҚ өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз: Интернеттегі қазақша контенттің ахуалы қалай?

Форумның ашылуында сөз алған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер: “Қазақта “Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады” деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай – маңызды тенденцияларды ескертуді, жаңа кәсіптік білімінің көкжиегін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін”, – деді.

Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Балбаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?

Жиынның бірінші сессиясыда спикерлер жоғарыдағы сұраққа жауап табуға тырысты.

Qazforum 2020 бірінші сессиясының спикерлері.

 “Digital дәуірдегі біздің медиа”

Екінші сессияда сөз алған медиатренер Асхат Еркімбай сессия барысында Орталық Азия елдеріндегі медиа тұтыну мен медиасауат бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижесімен бөлісті.

Qazforum 2020 екінші сессиясының спикерлері.

“Орта Азияда елдерінде басты ақпарат құралы – теледидар”, – деді ол.

Internews зерттеуі бойынша, тұтынушы онлайн контент үшін айына 2-3 мың тенге төлеуге дайын.

Қазақстанның өңірлерінде өткізілген сараптама қорытындысы бойынша онлайн тек қазақша ақпарат тұтынатын аудитория – 10 %, көптілді аудитория – 32,1%.

Екінші сессияда талқыланған сұрақтардың бірі – “Жаңа он жылдықта табысты болу үшін медиа нарығының қазақ тілді сегментінде нені өзгерту қажет?”.

Qazforum 2020 үшінші сессиясының спикерлері.

Форумның үшінші сессиясында Youtube платформасының әлемдік және жергілікті трендтері талқыланды.

Халықаралық трендтер мен Youtube платормасының дамуы туралы дискуссия өтті.

Qazforum 2020 серіктес компаниялардың ұсынысымен аяқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз