Қазақстан транзиттік жолаушыларға арналған 72 сағат визасыз жүру режимін 1 шілдеге дейін тоқтатты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы халықаралық әуежайы арқылы ұшқан Қытай және Үндістан азаматтарының елде 72 сағат визасыз жүру мүмкіндігі болған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келген азаматтарды әуежайда шекара қызметі тіркеп, көші-қон карточкасын беруі тиіс болған.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 284 адамнан коронавирус табылған. Нұр-Сұлтанда – 167, Алматыда – 70 адамнан вирус табылған. 20 адам айыққан. 1 адам қайтыс болған.
16 наурызда елде төтенше жағдай жарияланып, қазір сегіз қала карантинге жабылған.