Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы 6 сәуірде өткен баспасөз брифингінде Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
“67 адам коронавирус індетін жұқтырған немесе ауру белгілері бар адамдармен жұмыс істеген. Біреуінің жағдайы ауыр. 9 адамның жағдайы – орташа ауыр. Қалған 57 адамнан ауру белгілері байқалмайды” деді Есмағамбетова.
1 сәуірде Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда дәрігерлерге коронавирус жұққанын хабарлап, бірақ олардың санын айтпаған еді.
Өткен аптада ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күресуге атсалысқан дәрігерлерге 250-850 мың теңге аралығында жалақыларына үстемақы қосылады деп айтқан. Медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясы жұққан жағдайда 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлем беріледі. Қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге беріледі.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 604 адамнан коронавирус табылған. 45 науқас жазылған. Алты адам қайтыс болған.