Қазақстанда тағы 20 адамнан вирус табылды. Елде науқастар саны 600-ден асты

0
86

Қазақстанда тағы 20 адамнан коронавирус табылды. Жамбыл облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Қарағанды облысында – 16 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 6 сәуірде түскі сағат 14:49-да хабарлады.

Елде қазір 604 адам коронавирус жұқтырды. 45 адам (Нұр-Сұлтанда – 25, Алматыда – 21) аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.

Вирус жұқтырған 604 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 219

Алматы қаласы – 116

Шымкент қаласы – 14

Ақмола облысы – 23

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 29

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 29

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 48

Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 37

Маңғыстау облысы – 5

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 28

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз