Бас санитар: 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

0
103
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова. 6 сәуір, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы 6 сәуірде өткен баспасөз брифингінде Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

“67 адам коронавирус індетін жұқтырған немесе ауру белгілері бар адамдармен жұмыс істеген. Біреуінің жағдайы ауыр. 9 адамның жағдайы – орташа ауыр. Қалған 57 адамнан ауру белгілері байқалмайды” деді Есмағамбетова.

1 сәуірде Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда дәрігерлерге коронавирус жұққанын хабарлап, бірақ олардың санын айтпаған еді.

Өткен аптада ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күресуге атсалысқан дәрігерлерге 250-850 мың теңге аралығында жалақыларына үстемақы қосылады деп айтқан. Медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясы жұққан жағдайда 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлем беріледі. Қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге беріледі.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 604 адамнан коронавирус табылған. 45 науқас жазылған. Алты адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз