Әлемдегі алып ұшақ Ан-225 “Мрия” Алматы әуежайына қонды. Бұл туралы әуежай баспасөз қызметі Facebook парақшасында хабарлады.
Ұшақ Қытайдан Польшаға барар жолда жанармай құю үшін Қазақстанға тоқтаған.
“Әлемдегі ең үлкен ұшақ Қытайдан жеті миллион медициналық маска, шамамен 200 мың қорғаныс құралын тиеп Польшаға бара жатыр. Көмекті ұйымдастырған польшалық KGHM Polska Miedź Grupa Lotos компаниясы”, – делінген хабарламада.