15 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский елші Дархан Кәлетаевпен кездесуінде гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Кәлетаев президент Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырған.
Зеленский Қазақстанда инфекцияның таралмауы үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ Украинадан қазақстандықтардың еліне тез оралуы үшін екі елдің үйлесімді әрекетін жоғары бағалаған.
Сонымен қатар, сұхбат барысында өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ІТ-индустриясындағы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланған.