Қазақстанда тағы 90 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 28 сәуір сағат 10.40-та хабарлады.
Вирус мына қалаларда анықталған:
Нұр-Сұлтан қаласы – 52
Алматы қаласы – 17
Батыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Шымкент қаласы – 1
Түркістан облысы – 6
Павлодар облысы – 6
Алматы облысы – 1
Жамбыл облысы – 2
Атырау облысы – 1
Ақмола облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын барлығы 2950 адам жұқтырған (820-cы – медқызметкер). 725 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды. Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырып, тыныс аппаратына қосылған 15 науқастың жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін деп есептейді.