Ұлыбритания премьері коронавирустан жазылып шықты

0
100
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон дүйсенбі, 27 сәуірде коронавирус инфекциясының ауыр түрінен емделіп, жұмысына оралды.

Борис Джонсон сәуірдің басында ауруханаға түсіп, үш күн интенсивті терапия палатасында жатқан. Бір аптадан кейін медицина қыметкерлеріне алғыс айтып, ауруханадан шыққан соң тағы екі апта сауығу курсынан өткен.

Сауығып шыққан соң дүйсенбінің таңында премьер-министр алғаш рет мәлімдеме жасады. Джонсонның сөзіне қарағанда, Британия эпидемияның шарықтау шегінен өткенге ұқсайды, соңғы күндері инфекциямен ауруханаға түскендер азайған.

Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырғандар Британияда 152 мыңға жеткен, бұл – әлемдегі алтыншы көрсеткіш. Инфекциядан 20 мыңнан астам адам өлген. Британия билігі инфекциядан жазылғандар жайлы статитистика келтірмейді.

Британияда карантин жарияланғанына бір айдан асты. Баспасөз бен оппозиция “Еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда карантинді кеш жариялады” деп Джонсонды сынға алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз