Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден беріледі

0
175
Photo: elordainfo.kz

Қаржылай көмек 9 мамырда астанадағы ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да санаттағыларға беріледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

“1941-1945 жылдардағы соғыстағы жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден бір реттік төлем төлене бастады”, – делінген әкімдік сайтында.

Қазіргі таңда елордада 44 соғыс ардагері бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған соғыс мүгедектері мен қатысушыларының әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген барлық адам бір жолғы ақшалай төлемді алады.

Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам) беріледі.

Ал, жеңілдік пен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыына, соғыс жылдарында қайтыс болған ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз