Ішкі істер министрі Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады

0
128
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Сенат депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің отырысында Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жоғары палата депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады.

ІІМ басшысы авиация генерал-лейтенанты Мұсабаев ашық ғарышта 341 күн 9 сағат 46 минут болғанын атап өтті.

“Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша сізді елге сіңірген еңбегіңіз үшін құттықтап, тапанша тапсырамыз. Сіз өз атыңызды біздің республикамыздың тарихына лайықты енгізе білдіңіз”, – деді министр Тұрғымбаев.

Айта кетейік, бүкіл әлемде Ғарышкерлер күні 12 сәуірде тойланады.

Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш рет 1994 жылы, содан кейін тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты. Үш рет ашық ғарыш кеңістігіне шығып, 41 сағат 15 минут болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз