Оңтүстік Америкада орналасқан Боливия мемлекетінде гуманитарлық көмек тасып жүрген әскери ұшақ апатқа ұшырады.
Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін араға бірнеше минут салып Амазон орманына құлаған.
Апаттан 2 ұшқыш және 4 Испания азаматы қайтыс болды. Боливия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, екі қозғалтқышты ұшақ Санта-Крус елді мекеніне бағыт алған.
Қайтыс болған 4 испаниялық Испания үкіметінің қызметкері.
Мерей Кенжеғали