Ким Чен Ын соңғы 20 күнде алғаш рет жұрт алдына шықты

0
112
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаңа зауыттың лентасын қиып тұр. 2 мамырда Солтүстік Корея ақпарат құралдары жариялаған сурет.

Кейінгі аптада “ауыр сырқаттанып қалды” немесе “өлді” деген сыбыс көп тараған Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның мемлекет астанасы Пхеньян қаласында тыңайтқыш өндіру зауытын ашып жатқан фотолары жарық көрді. 

Ким Чен Ынның жүрек қан тамырларына ота жасатқаны туралы ақпараттар 12 сәуірде тараған болатын. Қытай елінен бір топ дәрігер келіп Солтүстік Корея басшысының денсаулығына байланысты кеңес бермекші болған.

15 сәуірде болатын Солтүстік Кореяның негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнін мерекелеуді қоса алғанда, ірі оқиғаларға қатыспауы оның денсаулығы туралы түрлі пікірлер тудырды. Гонконг ақпарат жүйесі Солтүстік Корея лидерін “өлді” деп хабарласа да оны ешбір билік өкілі растамаған.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз