Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап қалпына келеді

0
114
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын 1 қыркүйекте қайта бастайды. Бұл туралы Түркияның транспорт және инфрақұрылым министріне сілтей отырып Anadolu агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Түркия әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша 92 елмен келіссөз жүргізен. Мемлекет қазір 48 елмен әуе қатынасын жүргізіп отыр.

Коронавирус инфекция Қазақстанға келгеннен кейін екі апта өткен соң ел үкіметі жолаушы тасымалдайтын халықаралық және ішкі рейстерді тоқтатқан болатын. 1 мамыр күні ішкі істер біртіндеп қалпына келе бастады. Ал маусым айында бірқатар елге халықаралық рейстер ашылды.

20 маусым күні Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі жарым айлық үзілістен қайта жанданды. Алайда 21 маусым күні Түркияның Анталья қаласына ұшып барған жолаушыдан коронавирус анықталды. Сол күндері Қазақстанда коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония ауруы өршіп тұрды. Одан кейін Түркия 4 шілдеден бастап Қазақстан азаматтарының келуіне тыйым салды.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, 28 шілде күні мәдениет және спорт министрлігі, туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков Түркия бағытындағы әуе қатынасы 10 тамызда басталатынын мәлімдеген.

Бірақ Түркия Қазақстаннан келетін әуе рейстеріне Рыспеков айтқан күнге дейін-ақ рұқсат берге. Ал 6 тамыз күні Стамбул бағыты бойынша жолаушы ұшағын ұшырғалы отырған Air Astana компаниясы рейске екі сағат қалғанда Түркиядан хабар алып, ұшақтың келуіне тыйым салынғанын білген. Келесі күні Қазақстан вице-премьері Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Анкара қаласында Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездескен. Кездесуде Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиялық ахуалдың тұрақтағанын айтқан, ал Фахреттин Қожа Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі Түркия мемлекеттік комиссиясының күн тәртібіне енетінін мәлімдеген. Түркия тарапы Қазақстаннан келетін әуе рейстеріне күтпеген жерден тыйым салуын коронавирус пандемиясының ұшығуымен түсіндірген.

Ресми мәліметке сай, Қазақстанда эпидемия басталғалы 102 287 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған. Аурудан 1269 адам қайтыс болған. Сондай-ақ коронавирус жұқтырған, бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеген адам бар. Қазақстан 1 тамыздан бастап белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония санағын жүргізіп отыр. 1-14 тамыз аралығында пневмонияның бұл түрі 17 494 адамнан анықталған. Екі апта ішінде аурудан 211 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Түркияда коронавирус 246 861 адамнан табылған. Оның ішінде 5934 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз