Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы 27 тамызда ашылады

0
113
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

“COVID-19 таралуының тұрақталуы мен жақсаруын ескере отырып, Түркия тарапы Қазақстаннан жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 27 тамызда екі ел арасында тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады”, – деп мәлімдеді министрлік.

Министрлік мәліметінше, рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып орындалмақ. Кестені әуе компанияларының сайтынан көруге болады.

Еске салайық, 5 тамызда Түркия қазақстандық жолаушылардың кіруін шектеген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз