Осы жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 36 университетке мемлекеттік грант бөлмеген. Бұл туралы “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Олжас Ордабаевқа сілтеме жасап malim.kz сайты хабарлады.
“Білім және ғылым министрлігі үлкен қадам жасады – 36 жоғары оқу орнына грант бөлінбеді. ЖОО-лар жұмысқа орналасу көрсеткіші және Атамекен рейтингіндегі әлсіз позициясы негізінде іріктелді. Біздің әдістеменің негізінде жұмыспен қамту және білім беру бағдарламаларының өзектілігі жатыр”, – деді Ордабаев.
Ордабаевтың сөзінше, қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқиды. Бірінші курста үш, екінші курста алты, үшінші курста бес, төртінші курста 1513 студент бар. Осы жоғары оқу орны еліміздегі барлық заңгер түлектің 13 пайызына (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы “Құқықтану” мамандығын 185 түлек тәмамдаған.
Орталық Азия университетінде экономист түлектердің 30 пайыздан азы ғана жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10 пайыздан төмен екен.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте “Информатика” мамандығы түлектерінің 29 пайызы ғана жұмыс табады. Тағы төрт мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 50 пайызға жетпейтін көрінеді.
Мемлекет гранттар берілмеген ЖОО тізімі:
1. “Астана” университеті
2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті)
3. Академик Әбдімүс Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
4. Мардан Сапарбаев институты
5. Silk way халықаралық университеті
6. “Сырдария” университеті
7. Абай Мырзахметов атындағы көкшетау университеті
8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
9. Еуразия технологиялық университеті
10. Каспий қоғамдық университеті
11. “Қайнар” академиясы
12. Инновациялық Еуразия университеті
13. Еуразия гуманитарлық институты
14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы
16. Орталық Азия университеті
17. Орталық Қазақстан академиясы
18. Қазақ технология және бизнес университеті
19. Bolashaq академиясы
20. Қазақстан инновациялық академиясы
21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
22. Академик Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
23. Дінмұхамед Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы
24. Қызылорда “Болашақ» университеті”
25. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті
27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
28. Гуманитарлық-техникалық академия
29. Алматы экономика және статистика академиясы
30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
32. “Алматы” университеті
33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті
34. Қазақ-орыс халықаралық университеті
35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті