Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

0
151
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейіне емтихан тапсырып отырған оқушылар.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы кезекші сыныпта оқитын оқушыдан анықталды. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлады.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растаған. Індетке екінші сынып оқушысы шалдыққан.

“14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Парыгин ауылындағы мектепке барып жүрген оқушы коронавирус жұқтырған. Баланың анасы мектеп мұғалімі екен. Бірінші күні оқушының дене қызуы 37 градус болған. Коронавирустың барлық белгілері болыпты. Содан кейін анализ тапсырған”, – деді Бағдат Қожахметов.

Қазір оқушы үйінде ем алып жатыр. Оқушымен бірге сыныпта 12 оқушы оқыған. Барлық балалар мен оқытушылар тексеруден өтіп жатыр.

Еске салайық, қазір Қазақстан мектептерінде ата-аналар өтінішімен кіші сынып оқушылары мен тәлімгерлер саны аз білім ордалары әдеттегідей білім беріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз