Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Тоқаев сапарында клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі.
Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.
Бұдан бөлек Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізбек.