Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиададан күміс медаль иеленді

0
176
Информатикадан халықаралық олимпиада жүлдегері Өскемен "Білім-инновация" лицейінің оқушысы Темірлан Байболов.

13-19 қыркүйек аралығында өткен информатика бойынша халықаралық олимпиададан (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) Өскемен қаласы “Білім-инновация” лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль иеленді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, биыл олимпиадаға 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірген.

“Білім-инновация” ХҚҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Байболов Темірлан екінші жыл қатарынан ұлттық құраманың қатарына енген.

Олимпиада екі айналым бойынша өткізілген. Айналым барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз