Әзербайжанда қақтығысқа байланысты интернет бұғатталды

0
232

Әзербайжан Армениямен арадағы қақтығысқа байланысты елдегі интернетті бұғаттады. Бұл туралы NetBkocks порталы хабарлады.

NetBlocks мәліметі бойынша Facebook, WhatsApp, YouTube, Instagram, TikTok, LinkedIn, Twitter, Zoom, Skype және Messenger серверлері әлеуметтік медиа және коммуникация платформалары бұғатталған.

Порталдың хабарлауынша, әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу себебі Арменияның арандатушылықтарына тосқауыл жасау.

27 қыркүйек күні Таулы Қарабах үшін Армения мен Әзербайжан елдері арасында қарулы қақтығыс болды. Екі тарап жүздеген адамнан айырылып, техникаларын жарып жіберді.

Таулы Қарабах жанжалы

Таулы Қарабақ төңірегінде дау Совет Одағы кезінен басталған. Ол кезде Таулы Қарабақ ауданы Әзербайжан ССР-і құрамына кірген, бірақ тұрғындарының көбі армян болған. 1988-1994 жылдары аралығында болған әскери қақтығыс кезінде 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналған. Армения әскерінің қолдауына ие болған сепаратистер Таулы Қарабақтың басым бөлігін бақылауына алып, өзінің қарамағына Әзербайжанға тиесілі кей аудандарды да тіркеп алды. Әзербайжан бұл территорияны оккупацияланған деп атайды. 1994 жылы екі ел арасында қарулы қақтығысты тоқтату және шиеленісті бейбіт жолмен шешу жөнінде келісім жасалды. Бірақ бұл келісім шиеленісті шешкен жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз