Тәжікстан Ауғанстандағы лаңкестік топтардың белсенділігіне алаңдаушылық білдірді

0
62
дереккөзден

Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов Ауғанстандағы радикалды және лаңкестік топтардың белсенділігінің артуына алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Тәжікстан Республикасының СІМ баспасөз қызметі.
Бұл туралы министр Венадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «Ауғанстандағы негізгі радикалдық күштердің көтерілуі сондай-ақ ИГ* жауынгерлерінің елдің солтүстігіне оралуы Тәжікстан үшін де, ЕҚЫҰ-ның оңтүстік шекарасы үшін де қауіпті».

Асловтың мәлімдеуінше, «Тәжікстан көршілес мемлекет ретінде Ауғанстандағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қайта қалпына келуіне мүдделі».

Бұдан өзге Тәжікстан сыртқы істер министрі Ауғанстан «аймақтық сауда-экономикалық интеграция процесіне» қатысатынына үмітті екенін жеткізді.

Атап өтсек, РФ Сыртқы істер министрлігі де Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз