Қарағандыда көмір тиелген пойыз аударылды

0
123

2 қараша таңертеңгі сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара стансасының теміржол өткелінен 27-ші шақырым жерде көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

“Пойыз жолында көмір тиелген сегіз вагон жолдан шығып кетті, оның ішінде екі вагон аударылды. Оқиға салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келді”, – деді Уәли.

Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Ешкім зардап шекпеген. Қалпына келтіру жұмыстарын “Разрез Кузнецкий” ЖШС жүргізіп жатқандығы хабарланды.

Айта кетейік, 24 қазанда Шымкентте 14 жүк вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз