Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Армандо Марадонаның қайтыс болуына байланысты елде үш күн аза тұту жариялады. Бұл туралы әлемдік БАҚ хабарлады.
Марадона қараша айының басында денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оған судбуральды гематома (мидың қысылуын тудыратын көлемді жинақталған қан) диагнозы қойылып, миына ота жасалды. Дәрігерлер отаның қалыпты өткеніні айтып, 12 қараша күні ауруханадан шығарған.
Араға екі апта салып Диего Марадона жүрек талмасынан қайтыс болды. Оның үйіне бірнеше жедел жәрдем көлігі келді, бірақ футболшыны құтқара алмады.